Племенное животноводство Симментал

2019 жылғы қараша айында «Мамбетов и К» КТ Мамлют ауданындағы Минкесер ауылында 600 сауын сиырға арналған сүт-тауар фермасын іске қосып, пайдалануға берді. Жобаны жүзеге асыру аясында серіктестік Германия Федеративтік Республикасының Бавария өңірінен симментал тұқымды ірі қара мал сатып алды.

Симментал тұқымды сиырлар өз сипаттамалары бойынша әрі сүтті, әрі етті бағыттағы малдардың қасиеттеріне ие. Ересек сиырдың салмағы 550-700 кг, ал бұқалардың салмағы 850-1100 кг құрайды. Сүт өнімділігі жеткілікті жоғары – бір маусымда бір сиырдан 5-5,5 мың литр сүт алуға болады. Лактация кезеңінің ұзақтығы – 305 күн. Ет өнімділігінің көрсеткіштері де ет бағытындағы тұқым өкілдерінен кем емес. Мал бордақылау кезінде тәуліктік орташа салмақ қосуы 1300 грамға дейін жетуі мүмкін.

Бүгінгі таңда кешен екі сиыр қорасынан, автоматтандырылған сауу залынан, бұзау қорасынан, қашарлар мен бұқашықтарды өсіруге арналған екі жас мал ғимаратынан және төлдеу бөлімінен тұрады.

Сүт-тауар фермасы GEA компаниясының заманауи неміс жабдықтарымен жабдықталған. Өнімділікті арттыру және жұмыс сапасын жақсарту үшін Dairy Plan бағдарламасы, TFM TRACKER бағдарламасы, сиырлардың күйітін бақылау датчиктері, буаздықты анықтауға арналған УДЗ-сканер, бекіту станоктары, таразылар, көң шығаруға және жемді итеруге арналған шағын тракторлар орнатылған.

Жасанды ұрықтандыру Германиядан сатып алынған асыл тұқымды бұқалардың ұрығымен жүргізіледі.

Мұнда жалпы саны 1811 бас мал ұсталады, оның ішінде азықтық сиырлар – 754 бас, сауын табыны – 650 бас. Бір басқа шаққандағы орташа сүт сауымы майлылығы 4,2–4,3% болатын 33-34 литр сүтті құрайды.

Әрбір жануардың асыл тұқым кітабындағы асыл тұқым куәлігінің нөміріне сәйкес келетін ресми жеке нөмірі бар.

Жыл сайын жас мал сатылымға шығарылады.