«Мамбетов және К» сенім серіктестігі 1993 жылы құрылды. Құрамына Минкесер және Бексейіт ауылдары кіріп, 225 адам жұмыс істейді. «Мәмбетов және К» сенім серіктестігінің бас директоры – Мамбетов Еркебулан Нурмагамбетович, атқарушы директор – Жунусов Арыстан Ногаевич; шаруашылықтың бас мамандары: бас инженер Кажеков Еркен Кактаевич, бас есепші - бухгалтер Жукенова Гульнара Галихановна, бас экономист Ахметова Клавдия Григорьевна, бас агроном Саутбаев Батыржан Сураганович, мал шаруашылығы бөлімінің бас технолық маманы Даулетов Арман Сайлауович, құрылыс жұмыстарының тікелей басшысы Гусейнов Шамистан Алихан оглы, аға агроном Утебай Руслан Болашакулы, мал шаруашылығы бөлімінің бригадирі Бекенов Аскар Жанабаевич, бригадирлері Усынин Г.А., Федоров В.А., Контаев А.Х. бастаған 3 трактор бригадалары бар.

Серіктестік құрылған кезде егіс көлемі 10255 га құраса, қазіргі уақытта ауылшаруашылығына жарамды 32548 га жердің, 22301 га егіс көлемін құрайды.

«Мамбетов және К» сенім серіктестігінің қызметі жоғары сапалы астық өндіру және мемлекетке өткізу. Ауылдық тауар өндірушілерді жоғары өнімді тұқыммен қамтамасыз ету. Ауылшаруашылық дақылдарды өсіру егістіктергетыңайытқыштарды еңгізу есебінен биологиялық ластануынан қорғау үшін 3 толық, келісілген әдіс қолданылады.

Шаруашылықта тұқымдарды жоғары өнімділікке алмастыру кезеңі жүргізіледі. Сенім серіктестік жыл сайын Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясынан тұқымның іріктеп алынған түрлерін алады. Ескі сортты тұқымдарды жоғары өнімді, бағалы тұқымдарға алмастыра отырып, өнімділікті жоғарлатып және тұқымның сапасын жақсартуға тырысуда.

  • Сенім серктестік құрылғанда құрамында:
  • Тракторлар (МТЗ, Т-4, К-700) – 39 дана;
  • Комбайындар (Нива, Енисей) – 26 дана;
  • Авто-көліктер – 20 дана.
  • Қазіргі уақытта шаруашылықтың авто-көлік паркі және трактор паркі техниканың жаңа түрлерімен жаңартылған.

Алынған табыс ауылдардың әлеуметтік-мәдени өмірін дамытуда орынды пайдаланылады. Шаруашылықта білім бөліміне тегін берілген мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар салынды.

Әрдайым мектептерге балалардың тамақтануына, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге демеушілік көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, «Мамбетов және К» сенім серіктестігі Абердин-Ангус тұқымды ірі-қара мал өсірумен айналысады.

«Мамбетов және К» сенім серіктестігі өзінің табынын 2012 жылы АҚШ-тан әкелінген 200 бас сиырдан бастады.

Қазіргі уақытта мал басы 554 басты құрап отыр. Шаруашылық селекционерлерінің бұл тұқымды таңдаудың ең маңызды ерекшеліктері:төлдеуінің жеңілдігі, туған бұзаудың салмағының жеңілдігі, сиырлардың сүттілігі.Сондай-ақ, фенотипі деүлкен маңызға ие, осыған байланысты шаруашылықдене бітімі үйлесімді, кеуделері терең және кең, денелері ұзынша келген жануарларды өндіреді.

2013 жылы шаруашылық Солтүстік Қазақстан бойынша алғашқы аукцион өткізді. Жалпы соммасы 11 миллион теңгені құраған, 18 ірі қара өткізілді. Ең қымбат топтама болып 13 айлық Гарик лақап атты ірі-қара 475 кг тартып, 1млн 120 мың теңгеге өтті. Сарапшылар Гарикті тұрпаты толысқан, аяқтары мықты, алыс жерлерге айдауға болатын ірі-қара деп сипаттады. Оның негізгі мақсаты «Сыбаға» бағдарламасы бойынша нашар тұқымды ірі-қараны жақсарту.

Шаруашылықтың 144 бас жылқы құрайтын ат қорасы бар.

Бүгіңгі таңда «Мамбетов және К» сенім серіктестігі ірі қара мал өсірушілер арасында сенімді брендке айналған,жоғары сапалы асыл тұқымды мал өндiруші, құрметті және беделді шаруашылық болып табылады.

Біздің тарих

 
СҚО, Мамлют ауданы, Минкесер ауылы «Мамбетов және К» сенім серіктестігінің директоры, Облыстық мәслихаттың депутаты, «Құрмет» орденімен (1999); «Астана» медалімен (1998) «Конституцияға 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2005) мемлекеттік наградалармен марапатталды.

1993 жылы Мамлют ауданының «Mинкесер» совхозның басшылығына Мамбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы тұрды. Шаруашылық Кеңес үкіметі кезінде де озық шаруашылық тізімде жоқ еді. Қой шаруашылығы тақырға отырғызды, қарыздар аяққа тұруға кедергі болды, жерде өнімділігімен қуанта қоймады, орташа жиынтық гектар 8 центрге жететпей жатты. 90-шы жылдар туралы тіпті айтып керек емес. Совхоз, басқалар сияқты ыдырау шағында болды. Мемлекеттің қолдауынсыз қалған халық, қолда бар шаруашылықтарымен не істейтіндігін, тұқымды, қосалқы бөлшектерді қайдан алу керектігімен бастары қатты және де тракторлар мен машиналарға жанар-жағар май болмады... ПК,КТ –ға қайта құру жайлы мәселелер туып жатты.

Еркебұлан және оның командасының алдында бұл мәселені шешудің екі жолы тұрды, не қалай болсада бәрін сақтап қалу керек,не  дәстүрлі тиімсіз мал шаруашылғынан бас тартып,  астық өндірімен айналысу керек еді. Тәуліктеп кеңседе отырып осы мәселені талқылады. Ақыры бас аграном Мишенев К.С.  пікірімен келіседі.  Ол 3 сатылы бидай өндіруге  назар аударуды ұсынды. Сандық тұрғыда: Мамбетов басшылғымен бірінші 5 жылда гектарынан 7,5центнер-15центрге дейн, келесі 5 жылда 20центрге дейн көтеру еді.  Астықты тиімді  өндіру мен сатуды үйренді. Бүгінде “Минкесер” совхозы орнына келген  “Мамбетов және К” сенім серіктестігі  Қазақстанда жоғары өнімділікпен белгілі. Әрине Еркебұланның Новоникольск совхозында (Бүгінде "Зенченко және К" СС) туып өсуіде шешуі рөл атқарды, Омбы ауылшаруашылық  институтынан кейін инженер дипломымен алғашқы тәжірибені де сол жерде алды. Тәжірибе алу мүмкіндігі мол болды, бірақ тәлімгер мен шәкірттің  бастапқы жағдайларында айтарлықтай айырмашылыққа  байланысты, ғылыммен меңгерілген мәселелерге қайшы келуге тура келді. Осылайша мал шаруашылығын сақтап қала алмады. Шығындар 9млн, 10,11млн жетіп,ақыры 12 млн келіп тоқтады. Бірақ малға пышақта тигізбеді, айырбасқада бермеді. Керісінше бір бөлігін ауыл тұрғындары еңбекақысы үшін берілсе, бір бөлігін жаппай сатып алуға қатысу шартымен аулаларға берілді. 

 
Еркебұлан Мамбетов: «Ауыл шаруашылығы – бұл бизнес емес, бұл өмір салты»

Жеке шағын шаруашылықтар, мал зауыттары –әр түрлі жолдар іздестіріп жатты, бірақ басшылық мал шаруашылығы тұрақты салаға айналатынына сенді. Солай болды да. Бүгінгі күні  сенім серіктестік жай ғана ферма емес, асыл тұқымды жаңғыртатын ферма. 2012 жылы серіктестікке алыс-жақын шетелден 200 бас мал әкелінді. Бүгінгі таңда мал басының саны шамамен 500 басқа жетті. Алғашқы аукционда өтті. Жергілікті  егіс мамандары фацелия, эспарцет сияқты дақылдарды жай біліп ғана қоймай, люцерна, донникпен бірге мал шаруашылығына азық ретінде өндіреді. Барлық осы жаңашылдықтар мемлекеттік қолдаудың арқасында да келді. Егіс жерлеріде өзгеріссіз жатқан жоқ. Жыл сайынғы машина-трактор паркін жаңғырту үшін 20 млн теңге  бөлінеді. Серіктестікте алыс-жақын шет елдердің атақты фирмаларының комбаиндары мен егін себу машиналары жұмыс жасауда. Халықтың әл-ауқаты артуда. Мәдениет үйі, спорт залды, мектептерді қаржыландырады. Серіктестің ерекше мақтанышы - қиын 90 жылдары салынған Бексейіт  ауылының спорт залы. Спорт зал облыстық, республикалық, халықаралық грек-рим күресінің жұлдыздарының алғашшыққан алаңы болды.