Біздің шаруа қожалығы ауылдық жерлерде сүт өнімдері фермасын пайдалануға беруді белсенді түрде жалғастыруда. 2018 жылдың күзінде ауылымыздың маңына сиырлар тұратын екі комплекс, автоматтандырылған сауын цехы, карантиндік орын және сиырларды туғызу бөлімі салынған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ұжым сүт өнімдері фермасындағы құрылыс жұмыстарын бітіріп, алғашқы сүтті осы жылы аламыз деп жоспарлап отыр.
Күнделікті осы алаңда арнайы жабдықталған техникамен бірге 45 адам еңбек етуде. Әсіресе, инфрақұрылым жұмыстарына аса көңіл бөлініп жатыр. Атап айтқанда: Сумен жабдықталу, электр қуаты, көңді жоюға арналған құбырлар және т.б. Осылайша жаңа орындар сиырларға ғана емес, жұмысшыларға да өте қолайлы болмақ. Айта кетейік, алдағы уақытта 36-ға жуық ауыл адамдары жұмыспен қамтылатын болады.
Жоба шамамен 2,3 миллиард теңгені құрайды. Оның 15%-і "Мамбетов және К" командиттік серіктестігінің меншікті қаражаты, қалған бөлігі - агрокредит корпарациясының несиесі. Төмен пайыздық мөлшерлемелер мен жеңілдік кезеңі осы жобаны нәтижелі, табысты іске асыруға ықпал етеді. Әрине бұл ойды жүзеге асыру - мемлекет қолдауының арқасында болды. Қазі, 700 бас сименталь тұқымды сиыр сатып алынды. Ауысым жұмыстары аяқталды, 25.06.19 ж бірінші бұзау туды.