Көңді сепарациялау жүйесінің ашылуы

2024 жылғы 6 мамырда біздің кәсіпорында жаңа көңді сепарациялау жүйесі ресми түрде пайдалануға берілгенін қуана хабарлаймыз.

Бұл маңызды жоба өндірістік процестерді жетілдіру мен экологиялық жауапкершілікті арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Жаңа жүйе көңді қатты және сұйық фракцияларға тиімді түрде бөлуге мүмкіндік береді. Бұл келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

* қоршаған ортаға келетін теріс әсерді азайту;

* қатты фракцияларды тыңайтқыш ретінде, ал сұйық бөлігін суару немесе әрі қарай өңдеу мақсатында тиімді пайдалану;

* қалдықтарды тасымалдау және кәдеге жарату шығындарын азайту арқылы шаруашылықтың тиімділігін арттыру.

Жүйе заманауи талаптар мен экологиялық стандарттарға толық сәйкес келеді. Оның енгізілуі өндірістік процестерді жетілдіріп қана қоймай, тұрақты дамуға да үлес қосады.

Бұл технологияның енгізілуі кәсіпорынның экологиялық жауапты шаруашылық ретіндегі беделін нығайтып, табиғи ресурстарды сақтауға және өңір экологиясын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз.