Республикалық

Өткен жылдың қараша айында Бурабайда еліміздің үздік мал шаруа қожалықтары жиналған республикалық "Абердин Ангус" ірі қара мал көрмесі өткізілді.

Көрмеге біздің қожалықтық атынан ірі қара мал шаруашылығының бас технологы Даулетов Арман Сайлауұлы барды. Ол өзімен бірге ангус тұқымды 2 өгізді апарған болатын, бірі - 7 айлық, екіншісі - 3 жаста. Бұқалар жасанды ұрықтандыру тәсілі арқылы туылған. ДНК сараптамасы бойынша екі бұқада 1 - санатын дәлелдеді. Жарыс жас айырмашылығы бойынша өткізілді және келесі критерийлергмен ағаланды: экстерьер (малдың сырт көрініс) және шыққан тұқымы. Екі бұқада "Мамбетов және К" КС лайықты деңгейде қорғап шықты, 7 айлық бұқа 1-орын иеленсе, екіншісі 2-орынды қанжығаға байлады. Мұнай сайыс - көрме ірі қара мал шаруашылығы мен айналысатындарға ерекше актуалды болды, және өткізілген іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.