«Ангус» палатасы ANGUS TOUR NORTH ет турын өткізіп, «Мамбетов және К» КС шаруашылығына арнайы келді.

Шаруашылықтың бас технологы Даулетов А.С. қонақтарға мал шаруашылығы кешені бойынша экскурсия өткізіп, малды күтіп-бағу жағдайлары мен азықтандыру технологиялары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Тур қорытындысы бойынша Зеренді ауылында жиын ұйымдастырылып, оған «Ангус» палатасының директоры Салыков Д.С. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және «Ангус» палатасының мүшелері қатысты.

Жиын барысында біздің шаруашылық селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жоғары деңгейде жүргізгені үшін Құрмет грамотасымен және бұқа мүсіншесімен марапатталды.